Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық қазақ ұлт аспаптар оркестрі гастрольдік сапармен Ақ Жайықта болмақ

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық қазақ ұлт аспаптар оркестрі қыркүйектің 4-10-ы аралығында гастрольдік сапармен Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық қазақ ұлт аспаптар оркестрі гастрольдік сапармен Батыс Қазақстан облысында болмақ,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оркестрдің көркемдік жетекшісі, белгілі күйші-композитор, ҚР халық әртісі Тұяқберді Шәмеловтің айтуынша, бұл сапар атақты өнер ұжымының 75 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Оркестр алдымен Шыңғырлау, Бөрлі аудандарында өнер көрсетпекші. Содан кейін концерттік шаралар Сырым, Тасқала, Зеленов, Ақжайық аудандарында жалғасады. Содан кейін Орал қаласында қорытындыланбақ. Оркестр қазақтың әйгілі күйшілерімен қатар әлем классиктерінің де туындыларын орындамақ.

Бұдан бұрын өнер ұжымы Ақ Жайыққа дарабоз дирижер Шамғон Қажығалиевтің 80 жылдығына байланысты 2007 жылы аяқ басқан болатын.

Оркестр Орал сапарына дейін Астанада Конституция күніне орай өткізілетін шараларға қатысып, концерт қоймақшы.

Соңғы жаңалықтар