+7 (701) 759 90 19
USD 389.75 EUR 434.26
RUB 6.12 CNY 55.05
Jańalyqtar

Құрманғали Тасмағамбетов Атырау облысында жаңа қызметке тағайындалды

2019 жылғы 24 мамыр 09:29
Бөлісіңіз:
Құрманғали Тасмағамбетов Атырау облысында жаңа қызметке тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атырау облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті бастығының орынбасары болып Құрманғали Тасмағамбетов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі департаменттің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

Құрманғали Нұрғалиұлы 1959 жылдың 12 маусымында Гурьев облысы (қазіргі Атырау) Махамбет ауданы Новобогат ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Гурьев педагогикалық институтын физика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 2011 жылы Атырау мұнай және газ институтын экономист мамандығымен аяқтаған. Еңбек жолын 1984 жылы орта мектепте мұғалім болып бастаған.

1986-1988 жылдары аралығында Махамбет ауданының мектепаралық оқу-өндірістік комбинатының мұғалімі, 1988-1991 жылдары Махамбеттегі сырттай-кешкі мектептің директоры, 1991-1992 жылдары Махамбет ОӨК шебері болып жұмыс істеген.

1992-1995 жылдары Махамбет ауданының фильмотекасын басқарса, 1995-1997 жылдар аралығында «Мерей» фирмасына жетекшілік еткен.

2002-2019 жылдар аралығында Атырау және Ақтөбе облысында Кедендік бақылау департаментін басқарып, Маңғыстау облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.
null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT