Құрлықтық хоккей лигасының жаңа президенті сайланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасы президенті қызметіне бұрынғы белгілі хоккейші Алексей Морозов сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл қызметті 2014 жылдың қаңтар айынан бастап атқарып келген Дмитрий Чернышенко енді еңбек жолын саясат саласында жалғастырады. Ол Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

А.Морозов бұдан бұрын Жастар хоккей лигасының басқарушы директоры болған еді. Ол қызметінде де жаңа басшы келгенге дейін қалады.

А.Морозов 1977 жылы дүниеге келген. Кәсіби спорттық ғұмырында Ресейдің «Крылья Советов», «Ак Барс», ЦСКА және АҚШ-тың « Питтсбург Пингвинз» клубында ойын көрсеткен.


Соңғы жаңалықтар