USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» «Витязь» командасымен кездеседі

2021 жылғы 27 қараша 13:01
Бөлісіңіз:
Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» «Витязь» командасымен кездеседі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Витязь» (Подольск) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Кездесу елорда уақытымен сағат 17:00-де басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бүгінге дейін 27 мәрте шеберлік байқасты. Оның 19-ы «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Екі команда арасындағы соңғы cегіз кездесудің барлығында қазақстандық клуб жеңіске жетті.

«Барыстың» биылғы турнирдің соңғы алты кездесуінің үшеуінде жолы болды, қалғанында қарсыластарына есе жіберіп қойды.

Ал «Витязь» соңғы алты кездесудің біреуінде қарсыластарын тізе бүктірді.

Еске салсақ, «Барыс» бұдан бұрын елордада ресейлік «Торпедо» (Нижний Новгород) басым түсті.

Ал «Торпедо» сырт айдында Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) командасын жеңді.

Қазір «Барыс» 32 ойыннан кейін 30 ұпаймен турнир кестесінде 19-орында келеді. Ал «Витязь» 26 ұпаймен 22-орында тұр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT