+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» СКА-ны жеңді

2021 жылғы 17 қазан 23:07
Бөлісіңіз:
Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» СКА-ны жеңді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейдің СКА (Санкт-Петербург) командасымен өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» «Ак Барстан» басым түсті Батыр Жүкембаев 28 рет жеңіске жеткен мексикалықпен жекпе-жек өткізеді Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» бүгін «Ак Барс» командасымен кездеседі

Ресейлік клуб биылғы турнирді сәтті өткізіп келеді. Нәтижесінде турнир кестесінде алғашқы бестікте тұр. Ал «Барыс» әзірге мұндай көрсеткішке қол жеткізе алмай жүр.

Десе де, биыл қазақстандық клуб елордада өткен бірінші кездесуінде аталған қарсыласын 3:0 есебімен сүріндірді.

Бүгін де «Барыс» алғашқы сәттен тізгінді қолына алуға тырысқан еді. Бірінші кезеңде олардың қатарынан Кирилл Савицкий 5-минутта мергендік танытты.

Екінші кезеңде бес шайба соғылды. Оның үшеуінде СКА клубының мерейі үстем болса, екеуінде «Барыс» мүлт кеткен жоқ. Ресейлік командадан Валентин Зыков - 21, Антон Бурдасов - 28, Эмиль Галимов 34-минутта қанжығасын майласа, оған Никита Михайлис - 26, Роман Старченко 38-минутта қос шайбамен жауап қайырды.

Негізгі кезең 3:3 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Буллитте «Барыстың» жолы болып, қарсыласын қапы қалдырып кетті.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» «Куньлунь Ред Стардан» басым түскен еді.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT