+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» «Сибирьден» басым түсті

2021 жылғы 25 қыркүйек 20:39
Бөлісіңіз:
Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» «Сибирьден» басым түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Сибирь» (Новосібір) командасымен өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Әділ Ғалиахметов шорт-тректен Әлем Кубогінің күміс жүлдегері атанды Ақмолалық атлет әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды Германияда Абай Құнанбайұлына ескерткіш ашылды

Екі команда биылғы турнирді сәтсіз бастады. Турнир кестесінде соңғы орындардың бірінде келеді. Сондықтан екеуі үшін бүгін жеңіске жету маңызды болатын.

Ойынның алғашқы кезеңінде командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Екінші кезеңнің 20-минутында қазақстандық клубтан Даррен Диц көздеген нысанадан мүлт кетпеді.

Одан кейін ресейлік клуб таразы басын теңестірді. Осылайша, ойын овертаймға ұласты.

Овертаймда қазақстандық клубтан Кертис Волк жеңіс шайбасын соқты. Нәтижесінде елордалық команда 2:1 есебімен жеңіске жетті.

«Барыс» 21 қыркүйекте елордада Мәскеудің ЦСКА командасына овертаймда 1:2 есебімен жеңіліп қалған еді.

Айта кетейік, «Барыс» биыл бұдан бұрынғы жеті кездесудің небәрі екеуінде жеңіске жетті.

Енді «Барыс» 27 қыркүйекте елордада Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) командасымен кездеседі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT