Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» Ресейде «Авангардпен» кездеседі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Авангард» (Омбы) командасымен өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу елорда уақытымен 22:30-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бүгінге дейін 60 мәрте шеберлік байқасты.

Оның 22-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

«Барыс» биылғы турнирдің соңғы алты кездесуінің екеуінде жеңіске жетіп, қалғанында қарсыластарына есе жіберіп қойды.

Ал «Авангард» төрт ойынның үшеуінде жеңіске жетті.

Айта кетсек, қазақстандық клуб бұдан бұрын Ресейдің «Ак Барс» (Қазан) командасынан 3:6 есебімен жеңіліп қалды.

Ал «Авангард» Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) командасына 3:1 есебімен жол берді.

Қазір «Барыс» 16 ойыннан кейін 14 ұпаймен турнир кестесінде 18-орында келеді. Ал «Авангард» 16 ұпаймен 13-орында тұр.



Соңғы жаңалықтар