+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 497.05
RUB 6.02 CNY 66.69
Jańalyqtar

Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» овертаймда ЦСКА командасына жол берді

2021 жылғы 21 қыркүйек 22:10
Бөлісіңіз:
Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» овертаймда ЦСКА командасына жол берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің ЦСКА (Мәскеу) командасымен өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» Беларусьтың «Динамосымен» кездеседі Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» СКА-ны жеңді Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» «Куньлунь Ред Стардан» басым түсті

Еске салсақ, 14 қыркүйекте Мәскеуде өткен ойында елордалық клуб қарсыласынан 6:3 есебімен басым түскен болатын.

Бүгінгі кездесуде екі команда шабуылға көбірек шықты. Нәтижесінде 11-минута елордалық Никита Михайлис мергендік танытты.

Екінші кезеңде екі команда тарапынан есепті өзгертетін бірнеше мүмкіндік болған еді. Дегенмен бұл сәтте хоккейшілер дәлдік көрсете алған жоқ.

Ойынның 54-минутында ресейлік клубтан Константин Окулов таразы басын теңестірді. Бұдан кейін қазақстандық команда хоккейшілері алға қарай ұмтылды.

Негізгі кезең 1:1 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда Константин Окулов жеңіс шайбасын соғып кетті. Осылайша «Барыс» қарсыласына 1:2 есебімен жол берді.

Енді «Барыс» екі ойынын елордада өткізеді. Алдымен 25 қыркүйекте Ресейдің «Сибирь» (Новосібір), 27 қыркүйекте «Автомобилист» (Екатеринбург) командаларымен шеберлік байқасады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT