Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» мәскеулік «Спартакқа» есе жіберді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Спартак» (Мәскеу) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу басында қазақстандық команданың басымдығы байқалып тұрды. Ресейлік клуб қақпасы алдында жиі шабуыл ұйымдастырды. Нәтижесінде 7-минутта Никита Михайлис елордалық ұжымды алға шығарды. Ал 11-минутта тағы бір қазақстандық Егор Петухов есепті үстемелей түсті.

Екінші кезеңде тізгінді ресейлік хоккейшілер таразы басын теңестірді. Алдымен 33-минутта Александр Хохлачёв мергендік танытты. Ал 39, 49-минуттарда Йори Лехтеря көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Ал 51-минутта Дмитрий Кугрышев «Спартактың» басымдығын арттырды. Ресейлік Александр Никишин 52-минутта қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша «Барыс» қарсыласына 2:5 есебімен есе жіберді. Осылайша қазақстандық клуб төртінші ойын қатарынан жеңіске жете алмай келеді.

Енді «Барыс» келесі ойынын 20 қарашада Ресейде «Северсталь» (Череповец) командасына қарсы өткізеді.

Еске салсақ, қазақстандық клуб бұдан бұрын Ресейде «Сочи» командасына есе жіберді.

Соңғы жаңалықтар