USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» елордада «Витязьге» жол берді

2021 жылғы 27 қараша 19:25
Бөлісіңіз:
Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» елордада «Витязьге» жол берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Нұр-Сұлтан қаласында Ресейдің «Витязь» (Подольск) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ертең Қазақстан құрамасы Ақ Олимпиадаға аттанады Футболдан Қазақстан құрамасы ақпан айында жолдастық кездесу өткізеді Бейжің-2022: Ел намысын қорғайтын спортшылардың толық құрамы белгілі болды

Екі команда арасындағы соңғы cегіз кездесудің барлығында қазақстандық клуб жеңіске жетті. Оған қоса «Барыс» соңғы үш кездесуінде қарсыластарынан басым түсті.

Кездесу қазақстандық команда үшін сәтсіз басталды. Ойынның 5-минутында ресейлік клубтан Нико Оямяки есеп ашса, 27-минутта Иван Володин есепті үстемелей түсті. Ойынның 57-минутында ресейлік Фёдор Малыхин қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша «Барыс» қарсыласына 1:3 есебімен жол берді.

Ал 30-минутта елордалық клубтан Томаш Юрчо мергендік танытты.

Еске салсақ, «Барыс» бұдан бұрын елордада ресейлік «Торпедодан» (Нижний Новгород) басым түсті.

Енді «Барыс» 2 желтоқсанда елордада Ресейдің «Динамо» (Мәскеу) командасын қабылдайды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT