Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» елордада «Автомобилиспен» кездеседі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) командасымен өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу елорда уақытымен 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бүгінге дейін 36 мәрте шеберлік байқасты. Оның 23-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

«Барыс» бұдан елордада Ресейдің «Сибирь» командасын овертаймда 2:1 есебімен басым түсті.

Ал «Автомобилист» Екатеринбургте Челябинскінің «Тракторына» буллиттен 1:2 есебімен жол берді.

Айта кетейік, «Барыс» биыл бұдан бұрынғы сегіз кездесудің небәрі үшеуінде жеңіске жетті. Турнир кестесінде 18-орында келеді. Ал «Автомобилист» 12 ұпаймен 10-орында тұр.


Соңғы жаңалықтар