Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» бүгін «Спартакпен» кездеседі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін Ресейде «Спартак» (Мәскеу) клубына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ойын елорда уақытымен 22:30-дa басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 27 мәрте кездесті. Оның 10-ы «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Қазір турнир кестесінде он бір ойыннан11 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 15-орында келеді. Ал, он бір ойыннан кейін 15 ұпай жинаған «Автомобилист» 8-орынға жайғасқан.

Кейінгі он кездесудің бесеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті.

2021 жылдың 18 қарашасында Құрлықтық хоккей лигасында «Барыс» сырт айдында 2:5 есебімен жеңілсе, биылғы 21 қаңтарда өткен жолдастық кездесуде 2:5 есебімен басым түсті.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» Ресейде «Локомотивтен» басым түсті.


Соңғы жаңалықтар