USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» бүгін «Нефтехимик» командасымен кездеседі

2021 жылғы 4 желтоқсан 16:07
Бөлісіңіз:
Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» бүгін «Нефтехимик» командасымен кездеседі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда 45 мың баланы спорт секцияларына тегін жіберу үшін 1,7 млрд теңге бөлінді Шаңғымен тұғырдан секіруден Бейжің олимпиадасына кімдер қатысады Бүгін футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионаты жалауын көтереді

Кездесу елорда уақытымен сағат 20:00-де басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бүгінге дейін 28 мәрте шеберлік байқасты. Оның 16-ы «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Екі команда арасындағы соңғы алты кездесудің бесеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті.

«Барыстың» биылғы турнирдің соңғы алты кездесуінің үшеуінде жолы болды, қалғанында қарсыластарына есе жіберіп қойды.

Ал «Нефтехимик» соңғы алты кездесудің төртеуінде қарсыластарын тізе бүктірді.

Еске салсақ, «Барыс» бұдан бұрын елордада ресейлік «Динамо» (Мәскеу) командасына есе жіберді.

Ал «Нефтехимик» сырт айдында Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» (Бейжің) командасынан жеңіліп қалды.

Қазір «Барыс» 34 ойыннан кейін 30 ұпаймен турнир кестесінде 20-орында келеді. Ал «Нефтехимик» 46 ұпаймен 17-орында тұр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT