+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» бүгін елордада «Северстальмен» кездеседі

2021 жылғы 24 қазан 13:16
Бөлісіңіз:
Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» бүгін елордада «Северстальмен» кездеседі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Северсталь» (Череповец) командасымен өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» елордада «Витязьге» жол берді Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» «Витязь» командасымен кездеседі Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» елордада «Торпедомен» кездеседі

Кездесу елорда уақытымен 17:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бүгінге дейін 25 мәрте шеберлік байқасты.

Оның 13-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Екі команда арасындағы соңғы алты кездесудің бесеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті.

«Барыс» биылғы турнирдің соңғы алты кездесуінің екеуінде мерейі үстем болса, қалғанында қарсыластарына есе жіберіп қойды.

Ал «Северсталь» соңғы алты кездесудің төртеуінде қарсыластарын тізе бүктірді.

Айта кетсек, қазақстандық клуб бұдан бұрын Ресейдің «Локомотив» (Ярославль) командасынан жеңіліп қалды.

Ал «Северсталь» Латвияның «Динамо» (Рига) командасынан басым түсті.

Қазір «Барыс» 21 ойыннан кейін 18 ұпаймен турнир кестесінде 17-орында келеді. Ал «Авангард» 22 ұпаймен 14-орында тұр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT