+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» бүгін «Динамо» командасымен кездеседі

2021 жылғы 16 қыркүйек 09:35
Бөлісіңіз:
Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» бүгін «Динамо» командасымен кездеседі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын сырт айдында Латвияның «Динамо» (Рига) командасымен өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» бүгін Ресейде «Сибирьмен» кездеседі Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» бүгін елордада «Северстальмен» кездеседі Елордада алғаш рет ҚР Төтенше жағдайлар министрінің кубогы үшін хоккейден турнир өтті

Кездесу елорда уақытымен 22.30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бүгінге дейін 25 мәрте шеберлік байқасты.

Оның 17-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында латвиялық клубтың мерейі үстем болды.

Еске салсақ, турнирдің биылғы алғашқы екі ойынында елордада 3 қыркүйекте «Барыс» Ресейдің «Салават Юлаев» клубынан 1:5, «Металлург» (Магнитогорск) клубынан 1:2 есебімен жеңілді.

Одан кейін «Амур» (Хабаровск) командасынан 3:2 есебімен басым түсті.

Төртінші ойынында ресейлік тағы бір клуб «Спартак» (Мәскеу) командасына 1:4 есебімен жол берді.

Ал Ресейде өткен ЦСКА командасымен ойында 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты кезеңі 1 қыркүйекте басталды. Ол 2022 жылдың 1 наурызында мәресіне жетеді.

Одан кейін турнирдің плей-офф сатысы басталады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT