Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» бүгін «Ак Барс» командасымен кездеседі

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Ак Барс» (Қазан) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу елорда уақытымен сағат 22:30-да басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бүгінге дейін 41 мәрте шеберлік байқасты. Оның 7-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Екі команда арасындағы соңғы алты кездесудің бесеуінде ресейлік клуб жеңіске жетті.

«Барыстың» биылғы турнирдің соңғы алты кездесуінің төртеуінде жолы болды, қалғанында қарсыластарына есе жіберіп қойды.

Ал «Ак Барс» соңғы алты кездесудің төртеуінде қарсыласын тізе бүктірді.

Еске салсақ, «Барыс» бұдан бұрын Ресейде «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасынан басым түсті.

Ал «Нефтехимик» сырт айдында Ресейдің «Авангард» (Омбы) командасын тізе бүктірді.

Қазір «Барыс» 35 ойыннан кейін 32 ұпаймен турнир кестесінде 20-орында келеді.

Ал «Нефтехимик» 49 ұпаймен 6-орында тұр.



Соңғы жаңалықтар