USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» Беларусьтың «Динамосымен» кездеседі

2021 жылғы 19 қазан 01:56
Бөлісіңіз:
Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» Беларусьтың «Динамосымен» кездеседі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Беларусьтің «Динамо» (Минск) командасымен өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында үздік спортшыларға пәтер кілттері табысталды Australian Open: Анна Данилина жұптық сында финалға шықты Олимпиадаға дайындықты тоқтатқан емеспіз – Шорт-тректен бас бапкер

Кездесу елорда уақытымен 22:10-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бүгінге дейін 25 мәрте шеберлік байқасты.

Оның 12-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында беларусьтік клубтың мерейі үстем болды.

Екі команда арасындағы соңғы бес кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті. Дегенмен кейінгі екі ойында аталған қарсыласына есе жіберіп қойды.

«Барыс» биылғы турнирдің соңғы алты кездесуінің төртеуінде жеңіске жетіп, қалғанында қарсыластарынан жеңілді.

Ал «Динамо» алты ойынның бесеуінде мерейі үстем болды.

Айта кетсек, қазақстандық клуб бұдан бұрын Ресейдің СКА (Санкт-Петербург) командасынан буллитте басым түсті.

Ал «Динамо» Ресейдің «Адмирал» (Владивосток) клубын сүріндірді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT