+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» беларусьтік «Динамоға» есе жіберді

2021 жылғы 20 қазан 00:57
Бөлісіңіз:
Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» беларусьтік «Динамоға» есе жіберді

МИНСК. ҚазАқпарат - Бүгін астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Беларусьте «Динамо» (Минск) командасымен өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» ресейлік «Тюмень» командасымен кездеседі Бокс: Жеңіліп қалған Жалғасқа 24 500 доллар бұйырды «Ақсу» ФК бас жаттықтырушысы қызметінен кетті

Командалар тартысты ойын өткізді. Есепті алғаш болып қазақстандық команда ашты. Олардың қатарынан 1-минутта Якоб Лилья гол соқса, ол 7-минутта есепті үстемелей түсті.

Одан кейін 10-минутта «Динамо» сапынан Артём Демков мергендік танытты, 19-минутта Маттиас Теденбю таразы басын теңестірді.

Екінші кезеңнің 27-минутында Даррен Диц «Барысты» тағы алға шығарды. Ал 35-минутта Маттиас Теденбю есепті теңестірді. Даррен Диц 36-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Ойынның үшінші кезеңі де тартысты өтті. Беларусьтік хоккейшілер қатарынан үш шайба соғып кетті. Оны Илья Усов – 45, Марио Кемпе – 51, Тайлер Граовац 52-минуттарда өзінің еншісіне жазды. Қазақстандық командадан Якоб Лилья 52-минутта кездесу барысында хет-трик авторы атанды.

Кездесуде «Барыс» қарсыласына 5:6 есебімен есе жіберді.

Енді «Барыс» 22 қазанда елордада Ресейдің «Локомотив» (Ярославль) командасын қабылдайды.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» ресейлік СКА командасын жеңген еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT