+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» «Авангардқа» есе жіберді

2021 жылғы 14 қазан 01:05
Бөлісіңіз:
Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» «Авангардқа» есе жіберді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Авангард» (Омбы) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Махмұд Сабырхан: Ауылдастар мінгізген атты «Сербия»  деп атадым Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» елордада мәскеулік «Динамоға» жол берді Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» мәскеулік «Динамо» командасымен кездеседі

Кездесу барысында ресейлік хоккейшілер сенімді ойын көрсетті. Десе де бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ.

Екінші кезеңнің 32-минутында ресейлік командадан Корбан Найт мергендік танытты. Ал 39-минутта олардың қатарынан Алексей Емелин есепті үстемелей түсті.

«Барыс» сапынан 49-минутта Никита Михайлис көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Алайда елордалық клуб қақпасына ресейлік Алексей Береглазов 50, Александр Дергачёв 59-минутта екі гол соқты.

Елордалық клуб осылайша қарсыласынан 1:4 есебімен есе жіберді.

Еске салсақ, 6 қазанда «Барыс» елордада «Авангардтан» басым түскен болатын.

Енді «Барыс» келесі кездесуін 15 қазанда Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командасына қарсы өткізеді.

Екі команда бүгінге дейін 60 мәрте шеберлік байқасты. Оның 22-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT