Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» «Ак Барстан» басым түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Ак Барс» (Қазан) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында қазақстандық хоккейшілер сенімді бастады. Десе де бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ.

Екінші кезеңде 21-минутта Якоб Лилья көздеген нысанадан мүлт кетпей, «Барыс» командасын алға шығарды. Ресейлік клуб бұдан кейін таразы басын теңестіруге ұмтылған еді. Соған қарамастан таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.

Үшінші кезеңде «Барыс» басымдығын арттыра түсті. Қазақстандық клуб сапынан Аркадий Шестаков 50-минутта қарсыластар қақпашысын қапы қалдырып кетті. Ойынның 58-минутында «Ак Барс» сапынан Дмитрий Воронков есеп айырмасын қысқартты.

Кездесуде «Барыс» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.

Енді «Барыс» 9 желтоқсанда елордада Ресейдің «Сочи» командасын қабылдайды.

Айта кетерлігі, екі команда арасынлағы соңғы төрт кезедсуде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберіп қойған еді.

Еске салсақ, «Барыс» бұдан бұрын Ресейде «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасынан басым түсті.

Соңғы жаңалықтар