+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Құрлық әскерлерінің әскери институтына Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілді

2020 жылғы 29 қыркүйек 10:10
Бөлісіңіз:
Құрлық әскерлерінің әскери институтына Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылғы 11 қыркүйектегі Үкімет қаулысымен еліміздегі әскери кадрларды даярлайтын бірегей білім ордасы – Құрлық әскерлерінің әскери институтына армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елорда мектептері үшін 26 мың компьютер сатып алынады Петропавлда нұротандықтар студенттер жатақханаларының жағдайымен танысты Қашықтан оқыту: Оралдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде жаңа жоба қолға алынды

Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов – Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, ең алғашқы Халық Қаһарманы. Ол Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында даңқты жауынгерлік жолын Берлинде аяқтаған. Кеңес одағы кезінде М.И. Фрунзе атындағы Әскери академияны бітіргеннен кейін ол түрлі штабтық және командалық лауазымдарда, Венгриядағы Оңтүстiк топ әскерлерi қолбасшысының бiрiншi орынбасары қызметтерін атқарды. Тәуелсіз Қазақстан армиясының қалыптасуы мен дамуының алдыңғы шебінде болды.

Биыл әскери жоғары оқу орны жарты ғасырлық мерейтойын атап өтті. Осы уақыт ішінде Құрлық әскерлерінің Әскери институты 13 мыңнан астам офицерді даярлап шығарды. Олардың ішінде 80-нен астам түлек Қазақстанда да, сондай-ақ шет мемлекеттер де генерал шенін иемденген.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT