Курил аралдарындағы Эбеко жанартауының күлі 3 км биікке атқылаған

None
Фото: РИА Новости Александр Пирагис
ОҢТҮСТІК САХАЛИН. ТАСС-ҚазАқпарат – Вулканологтер сәрсенбі күні Үлкен Курил қырқасындағы (РФ Сахалин облысы) Парамушир аралында орналасқан Эбеко вулканы күлін 3 км биіктікке атқылағанын тіркеді. Бұл туралы журналистерге Сахалин облысындағы Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«3 шақырым биікке күл қалдығы шашыраған», - деп хабарлады басқарма.

Құтқарушылардың сөзінше, жанартауға жақын маңдағы Солтүстік Курил қаласына күл шашырамаған, күкіртсутек исі байқалмайды. Тұрғындардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.Эбеко Парамуширдің солтүстік бөлігінде орналасқан. Жанартау биіктігі - 1 156 м. Жанартау 2016 жылдың қарашасының ортасында белсенді бола бастады. Ол үшін авиацияға қауіптің қызғылт сары түсі белгіленген. Бұл жанартаудың атқылауы мүмкін екенін және аса белсенді екенін білдіреді.
Соңғы жаңалықтар