Курил аралдарында 47 кеңес жауынгерінің сүйегі табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сахалиндік іздеушілер Шумшу аралынан (Солтүстік Курил) Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан 50 жауынгердің сүйегін тапты, деп хабарлайды «Интерфакс» «Ресей іздеу қозғалысы» өңірлік бөлімінің төрағасы Артем Бандураға сілтеме жасап.

«Осы экспедициядағы жұмыстың нәтижелері бізді таңқалдырды. 1945 жылы тамызда Курил десанттық операциясы кезінде қаза тапқан 47 кеңес сарбазы мен матростарының сүйегі табылды. Сондай-ақ, үш жапон сарбазының сүйегін таптық», - деді ол.

Бандураның айтуынша, бес кеңес сарбазынан іздеушілер аты жазылған заттар тапқан - олардың аты-жөні ойылып жазылған қасықтар, торсықтар мен етіктердің өкшелері табылды, деп жазды «Российская газета».

Қазіргі таңда анықталған кеңес жауынгерлерінің туыстары іздестіріліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар