Курил аралдары маңында 5,8 балдық жер сілкінісі болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Камчатка геофизиктері Тынық мұхитында Курил аралдарына жақын жерде 5,8 балдық жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

«Ресей Ғылым академиясы геофизикалық қызметінің Камчатка бөлімшесінің мәліметінше, жер сілкінісі Камчатка уақытымен 18:45-те (Мәскеу уақытымен 9.45) байқалған. Тереңдігі 42 км, магнитудасы 5,8.

Жер сілкінісінің ошағы солтүстік Курильскіден 189 км қашықтықта орналасқан.

Айта кетейік, бүгін Түркияның Адыяман провинциясында магнитудасы 5,3 болатын тағы бір жер сілкінісі тіркелді.

Оған қоса, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 613 км қашықтықта, Қытай аумағында 4,2 балдық жер сілкінісі болды.

Түркияның Кахраманмараш провинциясында зілзаладан көз жұмған адамдар саны 3419 адамға жетті, 20534 адам жарақат алды.

Фото: aa.com.tr


Соңғы жаңалықтар