Құрғақшылықтың пайдасы: Иракта су астынан қола дәуіріндегі сарай табылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық археологтар тобы Месопотамидің солтүстігінен қола дәуіріне тиесілі сарайдың құрылыс үйінділерін тапты, деп хабарлады 27 маусым күні Германияның Тюбинген университеті.

Сарай Ирактың солтүстігіндегі Мосул су қоймасының түбінен табылды. Қазба жұмыстарын жүргізу құрғақшылық салдарынан су деңгейінің түсіп кетуінен кейін ғана мүмкін болды. Бұған дейін ол су астында жатқан. Сарай шамамен біздің эрамызға дейінгі ІІ ғасырға тиесілі.

Археолог Ивана Пульиз анықтағандай, ғимарат қабырғасынан қызыл және көк түсті суреттер, жазбалар, кірпіш плиткалар табылды. Құрылыс кешені біздің эрамызға дейінгі XV-XIV ғасырлардағы Митанни патшалығына жататыны белгілі болды.

«Митанни патшалығы көне шығыс мемлекеттерінің ішіндегі аз зерттелген елдердің қатарында. Сондықтан сарайдың ашылуы үлкен ғылыми мәнге ие», - деп санайды Пульиз.

Соңғы жаңалықтар