Күрестен әлем чемпионатының алғашқы күні 4 балуанымыз сынға түседі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда күрес түрлерінен лицензиялық әлем чемпионатының алғашқы күні грек-рим күресінен төрт қазақстандық балуан сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлем чемпионатының шымылдығын грек-римкүресінің балуандары ашып, жүлделі орындарға таласып қана қоймай, 2020 жылғы Токио Олимпиадасының жолдамасын да сарапқа салады.
Алғашқы жарыс күні 55 келі салмақта– Қорлан Жақанша, 63 келі салмақта - Алмат Кебісбаев, 72 келі салмақта - Демеу Жадыраев және 82 келі салмақта - Мақсат Ережепов ел намысын қорғайды.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әлем біріншілігінің жарыс кестесін жариялаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар