Күрестен әлем чемпионатында қазақ балуаны финалға шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда төрінде күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық балуан финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Нұр-Сұлтанда күрес түрлерінен лицензиялық әлем чемпионаты басталды. 55 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан балуанымыз Қорлан Жақанша жартылай финалда 2018 жылғы әлем чемпионы, әзербайжандық Эльданиз Азизлиді жеңіп, финалға шықты.
Аса тартысты өткен белдесуде қазақ балуаны қарсыласын 11:5 есебімен ұтты.
Енді отандасымыз әлем біріншілігінің алтын жүлдесі үшін сынға түседі.
Финалдық жекпе-жек ертең, яғни 15 қыркүйек күні өтеді.




Соңғы жаңалықтар