Күрестен әлем чемпионаты: Төрт салмақ бойынша жүлдегерлер анықталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Бүгін елордада күрес түрлерінен лицензиялық әлем чемпионатының бесінші жарыс күні басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордада өтіп жатқан әлем чемпионатында әйелдер күресінен 57, 59, 65 және 76 келі салмақ дәрежесіндегі іріктеу айналымы басталады. Сондай-ақ, 50, 53, 55 және 72 келі салмақ дәрежесінде чемпиондар мен жүлдегерлердің есімдері белгілі болады. Оның ішінде 55 келіде ел намысын қорғаған Марина Седнева, 72 келіде сынға түскен Жәмила Бақбергенова және 50 келі салмақта белдескен тағы бір балуанымыз Валентина Исламова қола медаль үшін белдеседі.

18 қыркүйек күнгі жарыс кестесі:

11.00-15.00 – әйелдер күресінен 57, 59, 65 және 76 келі салмақ дәрежесіндегі іріктеу айналымы;

11.00-15.00 - әйелдер күресінен 50, 53, 55 және 72 келі салмақ дәрежесіндегі жұбаныш белдесулері;

16.45-17.45 - әйелдер күресінен 57, 59, 65 және 76 келі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалдық бәсекелер;

18.00-21.00 - әйелдер күресінен 50, 53, 55, 72 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық бәсекелер және марапаттау рәсімі.


Соңғы жаңалықтар