Күрестен әлем чемпионаты: Олимпиада жолдамалары сарапқа салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада күрес түрлерінен өтетін әлем чемпионатында 104 елдің 1000-нан астам балуаны Токио Олимпиадасының жолдамаларын сарапқа салады. Бұл туралы «Барыс-арена» стадионында өткен баспасөз-мәслихатында айтылды.

Әйелдер күресінен бас бапкер Гюзель Манюрова Токиоға жолдама алу балуан шәкірттері үшін оңай болмайтынын айтады.

«Әрине, осынша дайындақтан өткендіктен, медальден үміттіміз. Ол үшін балуандарға барлық жағдай жасалды. Әйелдер күресі бойынша ереже өзгерді. Бәсекелес елдерідің қатарында жаңа мемлекеттер пайда болды.Сондықтан, бәрі жеребеге байланысты. Жеребе сәтті түссе, медаль де болады. Біздің санат бойынша да Токиоға 16 лицензия ғана берілген. Яғни, лицензия алу өте қиын. 1-2 лицензия алсақ та жаман көрсеткіш болмайды. «Үйде» күресудің өз артықшылықтары бар», деді бапкер.

Грек-рим балуандарының алдына жүктелген міндеттер туралы ҚР грек-рим күресінің вице-президенті Дәулет Тұрлыханов айтты.

«Елордаға келген балуандар күрестің үш түрі бойынша 10 салмақ санатында бақ сынайды. Оның ішінде әр күрес түрінен Олимпиада ойындарына кіретін алты салмақ санаты бар. Бұл әлем чемпионаты 2020 жылы Токио қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама үлестіреді. Міндет – сол ойындарға көбірек лицензия алу. Грек рим күресінен әлем чемпионатынан алтын алмағынымызға 20 жылдан асыпты. Чемипонат жүлдесі жайлы айтсақ, бес медаль аламыз деген үмітіміз бар. Ал Олимипиада лицензиясына келер болсақ, бапкерлер құрамының алдына кемінде 3 жолдама алу міндеті жүктеліп отыр», - деді Дәулет Тұрлыханов.

ҚР еркін күрес федерациясының вице-президенті Ерлан Қожасбай аталмыш күрес түрінен де 3 жолдама алу жоспарланған айтады.

«Еркін күрестен әлем чемпионатында алтын алып көрмегенбіз. Ең үлкен жетістігіміз финалға шығу ғана екен. Биыл өз кілемімізде сол кемшіліктің орынн толтырсақ деген ниет бар. Дегенмен, қазір күрестен алтын алу қиын. Әлем чемипонатында 10 «алтын», Олимпиада 6 «алтын» сарапқа салынады. Токиодағы Олимпиадаға 16 жолдама ғана бөлініп отыр. Сондықтан, жолдама алудың өзі оңайға түспейтін сияқты», - деді федерация өкілі.


Соңғы жаңалықтар