Күрестен әлем чемпионаты: Кімдер жүлдеге таласады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елордада күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатының үшінші жарыс күні басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін, яғни әлем біріншілігінің үшінші жарыс күні грек-рим күресінен үш қазақстандық балуан белдесуге шығады.

Атап айтар болсақ, 60 келі салмақта Мейрамбек Айнағұлов, 77 келі салмақта Асхат Ділмұхаммедов және 130 келі салмақта Темірлан Шадукаев сынға түседі.

Күрес түрлерінен әлем чемпионатының үшінші жарыс күнінің кестесі:

11.00-16.00 – грек-рим күресінен 60, 77 және 130 келі салмақ дәрежесіндегі іріктеу айналымы;

11.00-16.00 – грек-рим күресінен 67, 87 және 97 келі салмақ дәрежесіндегі жұбаныш белдесулері;

17.00-17.45 - 60, 77 және 130 келі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалдық белдесулер;

18.00-20.30- грек-рим күресінен 67, 87, 97 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық бәсекелер және марапаттау рәсімі.

Айта кетейік, осыған дейін Қорлан Жақанша күміс медаль, ал Алмат Кебіспаев қола медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар