Күрестен ӘЧ: Қазақстан қоржынына тағы бір күміс медаль түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада өтіп жатқан әлем чемпионатында балуан Нұрғожа Қайпанов «күміс» алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

70 келі салмақта ел намысын қорғаған Нұрғожа Қайпанов финалда ресейлік қарсыласы Давид Баевтен жол беріп, күміс жүлдегер атанды. Ол ресей балуанынан 2:12 есебімен ұтылып қалды. Осылайша, еркін күрестен Қазақстан қоржынына екінші күміс медаль түсті.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін еркін күрес шеберлерінен 65 келі салмақта Дәулет Ниязбеков финалда ресейлік балуанға жол беріп күміс жүлдені қанағат тұтқан болатын. Сондай-ақ, еркін күрестен тағы бір балуанымыз Нұрислам Санаев қола жүлдегер болды.

Бүгін сондай-ақ, 74 келіде қола медаль үшін күрескен Данияр Қайсанов франциялық Зелимхан Хаджиевке 3:4 есебімен жол беріп, жүлдесіз қалды. Ол кеше өткен ширек финалдық бәсекеде әлем үздігі, италиялық Франк Чемизодан ұтылған болатын. Чемизо өз кезегінде финалға жолдама алып, Қайсановқа жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігі берілген еді. Қайсанов жүлдеге іліге алмаса да әлем чемпионатын үздік бесінші орынмен аяқтап Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.



Соңғы жаңалықтар