Күрестен ӘЧ-да 3-орын алған ақмолалық ойда жоқта күміс жүлдегер атанды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық палуан спорттық күрестен өткен Əлем чемпионатында ойламаған жерден күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі берген мәліметтерге қарағанда, Болгарияның Пловдив қаласында ардагерлер арасында өткен байрақты додаға Қазақстан ұлттық құрамасы сапында болған Ақмола облысынан төрт палуан қатысты.

Оның ішінде атбасарлық Қайрат Боранбаев 85 келі салмақ бойынша үшінші орыннан көрінді. Алайда, жүлдегерлерді марапаттау рәсімі кезінде жарыс жеңімпазы Иран палуаны екінші орын алған Израиль споршысының қолын алмақ түгілі тұғырғаға шықпады. Төрешілер асау мінез танытқан ирандықты жарыстан шығарып тастады. Нəтижесінде ақмолалық Қайрат Боранбаев автоматты түрде күміс жүлдегер атанып шыға келді.

Еске сала кетейік, осыған дейін тағы  бір ақмолалық палуан Мұхтар Усин 70 келі салмақта грек-рим күресі бойынша боз кілемге шығып, жүлделі үшінші орыннан көрінген болатын. Мұрат алғашқы белдесуде 4-1 ұпай санымен ирандықтан басым түсті. Ал, жартылай финалда әлемнің 5 дүркін чемпионы француздық Георгий Христовқа есе жіберіп алды. Қола медаль үшін күресте алаң иесінен 1-0 ұпайы айрымасымен айласын асыра білді.

Соңғы жаңалықтар