+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Күрес түрлерінен Италия турнирінің алғашқы күні: Қазақстан қоржынында – 7 медаль

2021 жылғы 5 наурыз 01:50
Бөлісіңіз:
Күрес түрлерінен Италия турнирінің алғашқы күні: Қазақстан қоржынында – 7 медаль

РИМ. ҚазАқпарат - Италияның Рим қаласында «Маттео Пелликоне» рейтингілік турнирінің алғашқы жарыс күні аяқталып, Қазақстан қоржыны бірнеше медальмен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Нұрсұлтан Тұрсынов грек-рим күресінен Азия іріктеу турнирінің жеңімпазы атанды

Атап айтар болсақ, 55 келідегі Хорлан Жақанша турнирдің күміс жүлдегері атанды. Финалда Хорлан ресейлік Виктор Ведерниковке 1:11 есебімен жол берді.

60 келідегі Жансерік Сәрсенбиев кіші финалда америкалық спортшыны жеңіп, үздік үштікке енді.

63 келіде қазақстандық балуандар Сұлтан Әсетұлы мен Айдос Сұлтанғали күресуі тиіс болған. Алайда, Сұлтан жасы үлкен командалас ағасы Айдосқа өз жолын беріп, белдесуден бас тартты. Осылайша, Айдос Сұлтанғали турнир жеңімпазы, ал Сұлтан Әсетұлы күміс медаль иегері атанды.

67 келіде Алмат Кебіспаев қолаға қол созды. Ол үшінші орын үшін күресте түркиялық балуанды ұтты. Осы салмақтың финалында сынға түскен Мейіржан Шермаханбет венгриялық Мэт Красзнайды 12:2 есебімен жеңіп, ел қоржынына алтын медаль салды.

Сондай-ақ, 97 келідегі Олжас Сырлыбай чехиялық балуанды 9:0 есебімен ұтып, турнирдің қола жүлдесін иеленді.

Осылайша, алғашқы жарыс күнінде грек-рим күресінен Қазақстан командасы екі алтын, екі күміс және үш қола медаль жеңіп алды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT