Күрес түрлерінен әлем чемпионаты: Қазақ балуандары қашан алтын алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Күрес түрлерінен, атап айтсақ, грек-рим, еркін және әйелдер күресінен әлем чемпионаты тұңғыш рет Қазақстан астанасында өткелі отыр.

Өткен жылы Біріккен күрес әлемінің президенті Ненад Лалович еліміздің бас қаласына 2019 жылғы күрес түрлерінен әлем чемпионатын ұйымдастыруды сеніп тапсырған болатын. Бұл бәсі биік доданы өткізуге еліміздің астанасыменмен бірге Алматы және Түркияның Ыстанбұл қалалары да ниет танытқан-тұғын. Алайда, таңдау елордаға түсті. Осылайша, күрес түрлерінен әлем чемпионатының алауы Қазақ елінің төрінде алғаш рет желбірегелі тұр.

Әлем чемпионатының ең басты ерекшелігі

Елордамызда осыған дейін қаншама жарыстардың көрігі қызып, көрермендерге қуаныш сыйлады. Алайда, бүгінгі күрес түрлерінен өткелі отырған әлем чемпионатының орны ерекше. Олай дейтініміз, күрес түрлерінен келесі жылы төрткүл дүние көз тігетін Олимпиада ойындарының алғашқы жолдамалары Қазақстанда сарапқа салынады.

Астанаға бұл күндері әлемнің 100-ден астам елінен мыңнан астам балуан келіп үлгерді. Олар (14-22 кыркүйек аралығында) тоғыз күн бойы 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарының жолдамасы үшін таласады. Нақтырақ айтсақ, Нұр-Сұлтанда олимпиадалық салмақ дәрежелерінде 1-орыннан 6-орынға дейін қол жеткізген әр балуанға Токио төрінде бақ сынауға үлкен мүмкіндік туады. Алайда, жолдамаға қол жеткізе алмаған балуандар әлем чемпионатынан кейін де лицензиялық жарыстарға қатыса алады.

Қазақ балуандарына «алтын» қашан бұйырады?

Күрес түрлерінен қазақ балуандары «алтын» медаль алмағалы биыл тура 20 жыл болды. Міне, елордамызда күрес түрлерінен алғаш рет өткелі отырған әлем біріншілігі сол олқылықтың орнын толтыруға таптырмас мүмкіндік екені даусыз. Міне, өз бозкілемінде балуандарымыз жергілікті жанкүйерлерін жерге қаратпайды деп сенейік.

Тарих беттеріне үңіліп қарасақ, күрес түрлерінен әлем чемпионатында 1999 жылдан кейін қазақтың әнұраны бірде-бір шырқалған емес. Соңғы рет 1999 жылы Грекияның астанасы Афиныда өткен әлем чемпионатында грек-рим күресінен 63 келі салмақта Мкхитар Манукян чемпион атанды. Содан бері «сап» алтынды жанкүйерлер сарылып күтуде...

Қазақстан қоржынында әлем чемпионатының қанша медалі бар?

Қазақ балуандары күрес түрлерінен әлем чемпионаттарына Тәуелсіз ел ретінде 1993 жылдан бастап қатыса бастады. Осы жылы грек-рим күресінен қазақтың даңқты балуаны Дәулет Тұрлыханов ел қоржынына күміс медаль салды. Содан қазірге дейін қазақстандық балуандар әлем чемпионатынан 5 алтын, 14 күміс, 25 қола (барлығы - 44) медаль жеңіп алды.

Тарқатып көрейік:

1993 жыл

Грек-рим күресі - 1 күміс.

1994 жыл

Грек-рим күресі - 1 алтын.

1995 жыл Еркін күрес – 1 күміс.

Грек-рим күресі - 2 күміс.

1997 жыл

Еркін күрес - 1 қола.

Грек-рим күресі - 1 алтын.

1998 жыл

Грек-рим күресі - 2 алтын.

1999 жыл

Грек-рим күресі - 1 алтын, 1 күміс.

2003 жыл

Еркін күрес- 1 қола.

Грек-рим күресі -1 қола.

2005 жыл

Еркін күрес - 1 қола .

Грек-рим күресі - 1 қола.

2007 жыл

Әйелдер күресі - 1 күміс, 2 қола.

2008 жыл

Әйелдер күресі - 1 күміс.

2009 жыл

Грек-рим күресі - 1 - қола.

Еркін күрес – 1 қола.

Әйелдер күресі – 1 қола.

2010 жыл

Еркін күрес – 1 қола.

Грек-рим күресі – 2 қола.

Әйелдер күресі – 1 күміс.

2011 жыл

Еркін күрес – 2 қола.

Грек-рим күресі – 1 күміс, 1 қола.

Әйелдер күресі – 1 қола.

2012 жыл

Әйелдер күресі – 1 күміс.

2013 жыл

Грек-рим күресі - 1 қола.

Әйелдер күресі – 1 қола.

2015 жыл

Грек-рим күресі – 2 қола.

2016 жыл

Еркін күрес – 1 күміс.

Әйелдер күресі – 1 қола.

2017 жыл

Еркін күрес – 1 қола.

Грек-рим күресі – 2 күміс медаль.

Ал, соңғы 2018 жылғы Будапешт қаласында өткен әлем чемпионатында спортшыларымыз 1 күміс 2 қола медаль еншіледі.

Биылғы әлем чемпионатына қандай балуандар келді?

Күрес түрлерінен астанада өтетін әлем чемпионатына бүгінде 1000-нан астам балуан келді. Оның ішінде 60-тан астам Олимпиада чемпионы мен жүлдегері бар. Ұйымдастыру комитетінің ақпаратына сүйенсек, медаль мен Токио олимпиадасының жолдамасына таласатын есімі бүкіл әлемге таныс балуандардан бөлек, елордаға қонақ ретінде арнайы шақырылған ардагер балуандарда арнайы келген. Атап айтсақ, қазақстандықтарға етене таныс болып кеткен Александр Карелин, жас америкалық жұлдыз Кайл Снайдер, төрт дүркін әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы Джордан Барроуз, жапониялық әйгілі чемпион Каори Итё, Артур Алексанян, Лопес Нуньес, Қазақстанның тумасы Валерий Рязанцев, Беларусь спортшысы Камандар Маджидов, Ираннан әйгілі Расу Хадем бастаған мықтылар бар.

Қазақ елі әлем чемпионатында кімдерге үміт артып отыр?

Күрес түрлерінен Нұр-Сұлтанда өтетін әлем чемпионатында күрестің әр түрінен 10 салмақ дәрежесінде балуандар бақ сынайды. Қазақстан құрамасында күрестің үш түрінен 30 балуан бар. Бапкерлер мына балуандарға сенім артып отыр.

грек-рим күресі:

55 келі: Қорлан Жақанша

60 келі: Мейрамбек Айнағұлов

63 келі: Алмат Кебіспаев

67 келі: Мейіржан Шермаханбет

72 келі: Демеу Жадыраев

77 келі: Асхат Ділмұхамедов

82 келі: Мақсат Ережепов

87 келі: Азамат Күстібаев

97 келі: Ерұлан Ысқақов

130 келі: Дамир Күзембаев

Еркін күре:

57 келі: Нұрислам Санаев

61 келі: Расул Қалиев

65 келі: Дәулет Ниязбеков

70 келі: Нұрғожа Қайпанов

74 келі: Данияр Қайсанов

79 келі: Ғалымжан Өсербаев

86 келі: Әділет Дәулембаев

92 келі: Нұрғали Нұрғайыпұлы

97 келі: Әлішер Ерғали

125 келі: Олег Болтин

Әйелдер күресі:

50 келі: Валентина Исламова

53 келі: Татьяна Ахметова

55 келі: Марина Седнева

57 келі: Эмма Тисина

59 келі: Мәдина Бақбергенова

62 келі: Аяулым Қасымова

65 келі: Айна Теміртасова

68 келі: Ирина Казюлина

72 келі: Жәмила Бақбергенова

76 келі: Эльмира Сыздықова.








Соңғы жаңалықтар