+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Күрес түрлерінен Әлем чемпионаты: Бүгін - «алтынға» таласатын күн

2019 жылғы 20 қыркүйек 08:38
Бөлісіңіз:
Күрес түрлерінен Әлем чемпионаты: Бүгін - «алтынға» таласатын күн

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Елорда төрінде күрес түрлерінен өтіп жатқан лицензиялық Әлем чемпионатының жетінші жарыс күні басталады. Бүгін еркін күрес балуандары 70, 74, 92 және 125 келіде өзара мықтыны анықтайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
UWW елордада өткен күрестен әлем чемпионатын жоғары бағалады Күрестен ӘЧ: Олимпиада жолдамасын 22 елдің балуандары алды Күрес түрлерінен ӘЧ: Нұрғали Нұрғайыпұлы «қолаға» таласады

Айта кетейік, кеше әйелдер күресінен 62 және 68 келі салмақтағы, еркін күрестен 57 және 65 келі салмақ дәрежесіндегі финалистер анықталған болатын. Бүгін аталған санаттағы балуандар жүлделі орындарды сарапқа салады.

Сондай-ақ, кеше әйелдер күресінен 57, 59, 65 және 76 келіде чемпиондар мен жүлдегерлер есімі белгілі болды.

Әлем чемпионатының алтыншы күні қазақ балуандары үшін табысты болды десек те болады. Себебі, кеше балуандарымыз Токио Олимпиадасына бір емес, үш бірдей жолдама жеңіп алды.

Атап айтар болсақ, әйелдер күресінен 76 келі салмақтағы Элмира Сыздықова, еркін күрестен ерлер арасында 57 келіде ел намысын қорғаған Нұрислам Санаев және 65 келі салмақ дәрежесінде Дәулет Ниязбеков Олимпиада жолдамасына иелік етті. Соның ішінде Ниязбеков финалға шығып, жанкүйерлерін бір желпіндіріп тастады. Енді бүгін ол Әлем чемпионатының «алтыны» үшін сынға түседі.

Күрес түрлерінен Әлем чемпионатының 20 қыркүйек күнгі жарыс кестесі төмендегідей:

11.00-16.00 – еркін күрестен 70, 74, 92 және 125 келі салмақ дәрежесіндегі іріктеу айналымы;

11.00-16.00 - әйелдер күресінен 62 және 68 келі, еркін күрестен 57 және 65 келі салмақ дәрежесіндегі жұбаныш белдесулері;

16.45 – 17.45 - еркін күрестен 70, 74, 92 және 125 келі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалдық бәсекелер;

18.00-21.00 - әйелдер күресінен 62 және 68 келі, еркін күрестен 57 және 65 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық белдесулер және марапаттау рәсімі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Күнсұлтан Отарбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT