Күрес түрлерінен ӘЧ: Төрт салмақта белдескен қыздарымыз жарыстан шығып қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елорда төрінде күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында ел намысын қорғаған төрт балуан қызымыз да қарсыластарынан ұтылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін әйелдер күресінен 57, 59, 65 және 76 келі салмақ дәрежелеріндегі іріктеу айналымы өткен болатын. 57 келі салмақта Эмма Тисина, 59 келі салмақта Мәдина Бақбергенова, 65 келі салмақта Айна Теміртасова және 76 келіде Эльмира Сыздықова сынға түскен еді. Өкінішке қарай, төртеуі де алысқа бара алған жоқ.

Эмма Тиссина күрес түрлерінен әлем чемпионатының 1/16 финалында Мажарстанның өкілі Эмиса Баркпен кездесіп, 0:9 есебімен ұтылып қалса, Мәдина Бақбергенова 1/8 айналымда қытайлық Ксинг Пейден 0:10 есебімен жеңілді. Ал Айна Теміртасова 1/8 айналымда ресейлік Инна Тражуковадан 2:13 есебімен жол берді. Сондай-ақ, медальдан басты үміткер балуандарымыздың бірі Эльмира Сыздықова 1/8 финалында америкалық Аделин Мария Греэйге 0:10 есебімен есе жіберді.

Енді, бүгінгі кешкі сессияда 50, 53, 55 және 72 келі салмақ дәрежесінде чемпиондар мен жүлдегерлердің есімдері белгілі болады. Оның ішінде 55 келіде ел намысын қорғаған Марина Седнева, 72 келіде сынға түскен Жәмила Бақбергенова және 50 келі салмақта белдескен тағы бір балуанымыз Валентина Исламова қола медаль үшін белдеседі.



Соңғы жаңалықтар