Күрес түрлерінен ӘЧ: Нұрғали Нұрғайыпұлы «қолаға» таласады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін күрес түрлерінен елордада өтіп жатқан әлем чемпионатында еркін күрестен Нұрғали Нұрғайыпұлы қола медальға таласу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тіліші.

92 келіде бақ сынап жатқан балуанымыз Нұрғали кеше іріктеу кезеңінің ширек финалында америкалық Джейден Коксқа есе жіберген болатын. Өз кезегінде Джейден финалға жолдама алып, қазақ балуаны жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алды.

Осылайша, ол бүгін жұбаныш белдесуінде алжирлік Мохаммад Фарджиді 7:4 есебімен жеңді. Енді, ол қола медаль үшін өтетін кездесуде грузиялық балуанмен белдеседі.

Бүгін, сондай-ақ, 61 келіде Расул Қалиев, 79 келіде Ғалымжан Өсербаев, 86 келіде Азамат Дәулембаев, 97 келіде Әлішер Ерғали Қазақстан намысын қорғап жатыр. Бұл балуандар арасынан Әлішер Ерғали Олимпиадаға жолдама жеңіп алғанын жаздық.

Ал Расул Қалиев алғашқы айналымда Алжир балуанын 11:0 есебімен ұтса, екінші белдесуде қырғызстандық қарсыласын 8:4 есебімен жеңді. Өкінішке қарай, ширек финалда ол үндістандық балуанға 7:10 есебімен жол берді.

79 келідегі Ғалымжан Өсербаев бірінші белдесуде израильдік қарсыласынан 10:0 есебімен, кейін румыниялық спортшыны 4:1 есебімен жеңіп, ширек финалға жетті.

Өкінішке қарай үшінші белдесуінде Әзербайжан балуаны Хасановтан айласын асыра алмады.

Сондай-ақ, 86 келідегі Әділет Дәулембаев бірінші айналымнан ары аса алған жоқ.



Соңғы жаңалықтар