Күрес түрлерінен ӘЧ: Бүгін бір балуанымыз жартылай финалға шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда төрінде күрес түрлерінен өтіп жатқан лицензиялық Әлем чемпионатының жетінші жарыс күні еркін күрестен бір балуанымыз жартылай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін 70, 74, 92 және 125 келідегі балуандар финалистерді анықтап жатыр. Олардың арасында Қазақстан намысын 70 келіде - Нұрғожа Қайпанов, 74 келіде - Данияр Қайсанов, 92 келі салмақта - Нұрғали Нұрғайыпұлы және 25 келіде - Олег Болтин қорғауда.

Алғашқы белдесулерін Олег Болтиннан басқасы сәтті бастаған болатын. Алайда, қалған үш балуанымыз да ширек финалдан ары қарай аса алмады.

Бірінші белдесуінде Нұрғожа Қайпанов австралиялық Джошуа Райлиді 10:0 есебімен, екінші айналымда ұлыбританиялық балуанды 10:0 есебімен ұтты. Ал ширек финалда Қайпанов британиялық қарсыласы Николае Коджокаруды да 10:0 есебімен ұтып, жартылай финалға жолдама алды. Енді жерлесіміз финаға шығу үшін Иран балуаны Йонес Аликбар Эмамичогоймен белдеседі.

Данияр Қайсанов болса, алғашқы белдесуінде венесуэлалық балуан Антони Хосе Монтеро Чириносты 8:2 есебімен ұтса, 1/8 финалда герциялық қарсыласын 10:0 есебімен жеңді. Өкінішке қарай, ширек финалда италиялық балуан, әлем чемпионы Франк Чемизодан 0:3 есебімен ұтылып қалды. Енді Данияр Чемизо финалға шыққан жағдайда жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алады.

Ал 92 келіде ел намысын қорғаған балуанымыз Нұрғали Нұрғайыпұлы да алғашқы белдесуін сәтті бастаған болатын. Өкінішке қарай, ширек финалда америкалық балуанға есе жіберді. Жоғарыда атап өткеніміздей, Олег Болтин алғашқы сында ресейлік Алан Хугаевқа 4:7 есебімен ұтылды.


Соңғы жаңалықтар