+7 (701) 759 90 19
USD 389.86 EUR 435.32
RUB 6.12 CNY 55.12
Jańalyqtar

Күрес түрлерінен ӘЧ: Әйелдер күресінен алғашқы медальге қол жеткіздік

2019 жылғы 18 қыркүйек 20:46
Бөлісіңіз:
Күрес түрлерінен ӘЧ: Әйелдер күресінен алғашқы медальге қол жеткіздік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елорда төрінде күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында әйелдер күресінен алғашқы жүлдеге қол жеткіздік, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Күрестен ӘЧ: Олимпиада жолдамасын 22 елдің балуандары алды Күрес түрлерінен ӘЧ: Нұрғали Нұрғайыпұлы «қолаға» таласады Еркін күрестен тағы бір балуан Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

Бүгін әйелдер күресінен 50 келі салмақта қола медаль үшін белдескен қазақстандық Валентина Исламова кіші финалда украиналық Оксана Ливачты 5:0 есебімен ұтып, қола медаль иегері атанды.

Бұл күрес түрлерінен қазақстан қоржынына түскен төртінші медаль. Осыған дейін осыған дейін Қазақстан құрамасынан 55 келі салмақта грек-рим күресінің шебері Қорлан Жақанша ел қоржынына алғашқы күміс жүлдені сыйласа, сол күні Алмат Кебіспаев қола медаль жеңіп алған болатын. Ал кеше ғана грек-рим күресінен ерлер арасында 60 келі салмақта ел намысын қорғаған балуанымыз Мейрамбек Айнағұлов кезекті қола медальге қол жеткізді.

Сондай-ақ, бүгін қола медаль үшін белдесуде 55 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз Марина Седнева ресейлік Ольга Хорошавцевадан ұтылып, жүлдесіз қалды. Жүлделі орынға таласқан 72 келі салмақтағы тағы бір отандасымыз Жәмила Бақбергенова жапондық қарсыласына 0:2 есебімен ұтылды.

Осылайша әлем біріншілігінде әйелдер күресінен қазақстандық балуандардың еншісінде әзірге жалғыз қола медаль бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Қазақ күресі,
Бөлісіңіз:

Автор:

Күнсұлтан Отарбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT