+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Күрес түрлерінен ӘЧ: Алмат Кебіспаев қола медальді еншіледі

2019 жылғы 15 қыркүйек 19:51
Бөлісіңіз:
Күрес түрлерінен ӘЧ: Алмат Кебіспаев қола медальді еншіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Күрес түрлерінен елордада өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші медаль түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жан Кособуцкий соңғы жеңісінен кейін әлемдік рейтингте айтарлықтай жоғарылады Astana Pro Team велошабандозы «Тур Окситании» көпкүндігінде үшінші орын иеленді Шымкентте Азиядағы ең ірі ату спорт кешені салынып жатыр

Грек-рим күресінен 63 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан Алмат Кебіспаев қола медаль үшін белдесуде қырғызстандық Тынар Шаршенбековпен белдесіп, қарсыласын 9:0 есебімен ойсырата ұтты. Осылайша Алмат күрес түрлерінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанып, Қазақстан қоржынына екінші медальді салды.

Естеріңізге сала кетейік, Алмат Кебіспаев әлем чемпионатының алғашқы күні жартылай финалында жапондық Ота Шинобуға есе жіберген болатын. Қазақстандық балуанның ежелгі қарсыласы бұл жолы да айласын асырып кетті. Ота Шинобу 2016 жылғы Рио Олимпиадасының 1/8 финалында тағы да Алматты жарыс жолынан тайдырған болатын.

Фото: olympic.kz
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Күнсұлтан Отарбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT