Күрес түрлерінен ӘЧ: Алмат Кебісбаев жартылай финалда сүрінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- Бүгін елорда төрінде күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық балуан Алмат Кебісбаев жартылай финалда қарсыласына жол берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
63 келі салмақта белдескен Алмат Кебіспаев әлем чемпионатының жартылай финалында жапондық Ота Шинобуға есе жіберді.
Жапондық балуан 10:1 есебімен жеңіске жетті.
Енді Алмат Кебісбаев әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласады.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 55 келіде белдескен Қорлан Жақаншаның әлем біріншілігінің финалына жолдама алғанын жазған болатынбыз.
Соңғы жаңалықтар