Күрекпен ұрып соққан: Полиция Ақтаудағы төбелеске түсінік берді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда ер адамдар арасында төбелес шығып, бірін-бірі күрекпен аяусыз ұрып соққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған таспада бірнеше ер адам жерде жатқан адамдарды күрекпен ұрғаны көрініп тұр.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға 6-шағынаудандағы «Тандыр Хаус» кафесінің жанында болған.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жанжал алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін басталған.

«Шамамен сағат 16:30-да Ақтау полиция басқармасы 102 кезекші пультіне тұрғындардан 6-шағынаудандағы 37-үйдің маңында төбелес болып жатқандығы туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Келген полиция қызметкерлері төбелеске қатысушыларды ұстап, Ақтау полиция басқармасына жеткізді. Төбелес тұрмыстық жағдайда болғаны анықталды», - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабымен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеу жалғасуда.



Соңғы жаңалықтар