Курчатов қаласында көктайғаққа байланысты мектепте сабақ болмайды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласында көктайғаққа байланысты мектепте сабақ болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Курчатов қаласында 24 желтоқсанда күн райының нашарлауына, нақты айтқанда көктайғаққа байланысты бірінші ауысымдағы 0-11 сыныптар мектепке бармайды. Оқушылар онлайн форматта оқиды. Сондай-ақ даярлық топ оқушылары да қашықтан білім алады.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін «Семей-Курчатов» тасжолының 4-130 шақырымы және «Семей-Қарауыл» тасжолының 4-182 шақырымы көліктің барлық түрлері үшін жабылғаны хабарланған болатын.



Соңғы жаңалықтар