Құрбысының жаңа туған сәбиін 2 мың АҚШ долларына сатып жіберген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысында сәбиді саудалаған келіншек ұсталды. Ол құрбысының жаңа туған сәбиін 2 мың АҚШ долларына сатып жіберген. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Жақында облыстық полицияға жаңа туған баласын жоғалтып алғанын айтып көрші елдің азаматшасы жүгінген. 27 шілдеде Қарасай аудандық перзентханасында босанған ол құрбысының айтуына қарай өзге атпен тіркелген. Кейін перзентханадан шыққан соң құрбысы баланы дәрігерге көрсетемін деп алып кеткен. Содан келіншек баласын көрмегенін айтады.

Жедел-іздестіру шараларының арқасында жаңа туған ұл баланы сатып әрі сатып алған күдіктілер қолға түсті. Соңғысының үйінен 1 айлық ұл бала табылды.

Кейін белгілі болғандай жас ана перзентханада баланы сатып алған келіншектің атымен тіркелген екен.

Аталған дерек тексерілуде. Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК 133 бабы бойыншы қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар