Құрбысына пышақ салған қостанайлық әйел қамауға алынды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында 31 жастағы әйел танысына пышақ сұқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, 31 жастағы әйел 35 жастағы құрбысымен ішімдік ішкен. Сәлден соң екеуінің арасында жанжал туындаған.

«31 жастағы әйел бөтелкелесіне пышақ салған. Салдарынан жәбірленуші қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді», - делінген облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің «Кісі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде.

 

Соңғы жаңалықтар