+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Құрбандық шалатын орындар «Аshyq» қосымшасымен жұмыс істейді

2021 жылғы 15 шілде 16:30
Бөлісіңіз:
Құрбандық шалатын орындар «Аshyq» қосымшасымен жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл құрбандық шалатын арнайы орындарда «ASHYQ» мобильді қосымшасы іске қосылады. Бұл туралы ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сары» және «жасыл» аймақтағы құрбандық шалатын арнайы орындарда азаматтардың денсаулығына ерекше көңіл бөлу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Аshyq» мобильді қосымшасы іске қосылады. Атап айтқанда, «қызыл» және «сары» мәртебесі бар азаматтар құрбандық шалу орындарына жіберілмейді, «көк», «жасыл» мәртебесі бар азаматтар ғана жіберіледі», - деді Е. Оңғар.

Осы ретте, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, облыстардың әкімдіктері Ішкі істер, денсаулық сақтау министрліктері, ҚМДБ-мен бірлесіп, еліміздің өңірлерінде «Аshyq» мобильді қосымшасы аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

«Қасапханаға маска тағып, арақашықтық сақтап, дене қызуы бар адамдардың жақындауына жол бермеуге тиіспіз. Жасы 65-тен асқан қариялар, әйелдер мен балалардың барынша құрбан малын шалатын орындарға баруын шектеуге шақырамыз. Қазіргі уақытта қасапханаға қойылатын тәртіп жоғары. Оны ұдайы бақылап, келушілермен арадағы байланысқа жіті мән беруіміз керек. Ең бастысы малды шариғат талаптарына сәйкес бауыздап, сойылуын қатаң қадағалау қажет», - деді Ершат Оңғар.

Айта кетейік, 2021 жылы құрбан шалу рәсімі екі жолмен жүзеге асырылады. «Сары» және «жасыл» аймақтарда онлайн және офлайн форматта өтсе, «қызыл» аймақтарда пандемия жағдайында шариғаттағы «өкілдік» қағидасына сәйкес, qurban2021.kz сайты арқылы тек онлайн режимде құрбан шалынады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT