Құрбандарын бетонның ар жағына қалап тастаған қарағандылықтарға үкім шықты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 29 жастағы азаматты бірнеше жерден пышақтап, банк картасын алып кеткен екі қылмыскерге үкім шықты. Ер адам алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмған, ал оның денесін қылмыскерлер үйлердің бірінің жертөлесіне бетондап тастаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Судья Қайрат Қасымовтың үкіміне сәйкес, сотталушылардың бірі 20 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі аса жоғары мекемесінде өтейтін болады. Екінші сотталушы 19 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейді», - деп атап өтті Қарағанды облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінен.

Еске салайық, осы жылдың көктемінде тұрғын үйлердің бірінің жертөлесінен Теміртау қаласының із-түзсіз жоғалып кеткен тұрғынының денесі табылды. Оны қылмыскерлер бетонның ар жағына қалап тастаған.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар