Құрбан Бердыев «Қайраттың» бас бапкері болып тағайындалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Құрбан Бердыев «Қайрат» футбол клубының бас жаттықтырушысы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ФК-ның сайтына сілтеме жасап.

Құрбан Бекиевич Бердыев 1952 жылы 25 тамызда Түрікменстан астанасы Ашхабад қаласында туған.

Спорттық мансабында жартылай қорғаушы, кейде қорғаушы позицияларында өнер көрсетті. Футболмен 1959 жылы Ашхабадта айналыса бастаған. «Колхозчи», СКА (Дондағы Ростов) және «Ростсельмаш» сияқты командалар сапында ойнады. 1977, 1981-1985 жылдары және 1993 жылы «Қайрат» ФК футболшысы болды. Алматылық клуб құрамында барлығы 175 матч өткізіп, 34 гол соқты.

Бапкерлік мансабын Жамбылдың «Химик» сапынан бастады. Содан кейін «Қайратта» Бақтияр Байсейітовтің көмекшісі болып, команданы алғашқы чемпиондық атаққа алып келді. «Қайраттан» кейін түріктің «Генчлербирлигын» жаттықтыруға кетті, бірақ 1994 жылы алматылық командаға бас бапкер ретінде қайта оралды. .

Бір жылдан кейін командадан кетіп, «Мұнайшы», «Ниса», Түрікменстан құрамасын, ресейлік «Кристалл», «Рубин» және «Ростов» командаларын жаттықтырды. Жоғарыда аталған командалармен Түрікменстан мен Ресей чемпионаттарын, кубоктары мен суперкубоктарын жеңіп алды. «Ростов» пен «Рубин» бапкері бола отырып, кәрі құрлық турнирлерінде Еуропаның үздік командаларынан бірнеше рет басым түсті.

Биылғы 27 мамырдан бастап Құрбан Бердыев «Қайрат» ФК бақылау кеңесі төрағасының кеңесшісі лауазымында еңбек етті.

Маманмен келісімшарт жыл соңына дейін есептелген, екі жылға ұзарту мүмкіндігі бар.

Авторы: Думан Арғынгелді

Соңғы жаңалықтар