Құрбан айтта елордалықтар үшін бірнеше мал сою пункті қызмет көрсетеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Құрбан айт 9-11 шілде күндеріне келіп тұр. Қасиетті мерекенің алғашқы күні таңертеңнен бастап елорда мешіттерінде «Айт намазы» оқылады. Бұл туралы қалалық дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда бекітілген мал сою орындарында құрбандық шалу сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін өтеді. Сондай-ақ, бұл рәсімді «QURBAN2022.kz» - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сайты арқылы да онлайн жасауға болады.

Мал сою орындары келесі мекенжайда орналасқан.

Байқоңыр ауданы бойынша:

1. «Жайлау» базары, Алаш тас жолы, С 313 көшесі («Шарын» базарының арт жағы)

2. «Шанхай» базары, Алаш тасжолы, 34/6 («Көк базар» базарының арт жағы)

3. «Шопан ата» базары, («Рубиком» және Әмір базарының ортасы)

4. «Баракат» базары, А 369 көшесі, №10 ғимарат

5. «Шәушен» шаруа қожалығы, Алаш тасжолы, 136 Б

6. «Темеш» шаруа қожалығы, Айналма жол, 229, 1а

Сарыарқа ауданы бойынша:

1. «Ұлжан» әмбебап базары, Н. Тілендиев көшесі, 24 (бұрынғы «Саянұр» базары)

Құрбан айт күндері құрбандық шалу және тағы басқа да сауалдар бойынша ақпарат алу үшін тәулік бойы «109» Call-орталығы жұмыс істейді.

Фото: gov.kz
Соңғы жаңалықтар