Құрбан айтта Алматының орталық мешітінде спартакиада өтеді
2022 жылғы 6 шілде 10:56

Құрбан айтта Алматының орталық мешітінде спартакиада өтеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Құрбан айт мерекесінде Алматының орталық мешітінде «Асыл мұра» бағдарламасы аясында шаһар тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени және спорттық шара өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шараға қатысушыларды арқан тарту, асық ату, армрестлинг, гір тасын және қошқар көтеру секілді сынақтар күтіп тұр», - деп хабарлады Алматы қалалық дін істері жөніндегі басқармадан.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар ұсынған бағалы сыйлықтармен марапатталады.

«Ұлттық мұра» бағдарламасы аясында ұйымдастырылатын спорт шарасының негізгі мақсаты – мешіт жамағаты арасында дене шынықтыру мен спортты, салауатты өмір салтын насихаттау. Сонымен қатар, Исламның дәстүрлі емес ағымының жетегінде жүрген жандарға асыл діннің оң жолын көрсету арқылы оларды бауырға тарту», - деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Құрбан Айт - мұсылмандардың ең маңызды мерекелерінің бірі, ол Ораза аяқталғаннан кейін 70-күні тойланады. Осы жылы Құрбан айт шілденің 9-ы күні басталып, үш күнге жалғасады.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT